Елімізден ағаштың кей түрлерін шығаруға тыйым салынуы мүмкін

461

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" бұйрық жобасын әзірледі. 

Елімізден ағаштың кей түрлерін шығаруға тыйым салынуы мүмкін Фото: BAQ.KZ

Қазақстан аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салынуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

"ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 "Сіңірілген теміржол немесе трамвай жолдарына арналған қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған ағаш шпалдар" кодын қоспағанда, шығарылған еліне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген бұйрық жобасында.

Құжат қабылданған жағдайда биылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұйрық жобасын жария талқылау 3 мамырға дейін жалғасады деп көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу