Елімізден ақша аударымдары көбінесе Өзбекстан мен Түркияға жасалады

658

Грузияға жіберілген ақша аударым көлемінің ұлғаюы байқалады. 

Елімізден ақша аударымдары көбінесе Өзбекстан мен Түркияға жасалады Фото: ranking.kz

2022 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстаннан халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы шетелге 962,7 млрд теңге жіберілді. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz Ranking.kz порталына сілтеме жасап.

11 айда транзакциялар саны 2,6%-ға, 2,3 млн-ға дейін қысқарды. Бұл шетелге бір аударым бойынша орташа чекті 391,5 мыңнан 419,9 мың теңгеге дейін арттырды.

Ресурстың мәліметінше, елімізден шетелге жіберілген ақшалай аударымдардың жартысынан көбі Өзбекстан (276 млрд тг) мен Түркияға (250,5 млрд тг) жасалған. Бұл ретте Өзбекстанға аударымдар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 0,9%-ға азайса, ал Түркияға 32,4%-ға ұлғайған.

Бұдан бөлек Ресейге 175,6 млрд теңге, Қырғызстанға 71,6 млрд теңге аударылған.

Грузияға жасалған ақша аударымдары көлемінің 2,5 есеге өскені байқалды (64,8 млрд тг). Мобилизациядан қашқан ресейліктер үшін Түркия мен Грузия танымал бағыттарға айналғанын атап өткен жөн.

2022 жылғы қаңтар-қарашада ақша аударымдары жүйелерінің ішінде елден шетелге жөнелтілген қаражаттың жалпы көлемінің 76,7%-ы ресейлік "Золотая Корона"-ға тиесілі (738,5 млрд тг). Одан кейінгі орындарда Contact (128,9 млрд тг), Western Union (59,9 млрд тг) жүйелері орналасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу