Қазақстаннан Ауғанстан мен Орталық Азия елдеріне жүк пойызы шығарылмақ

726

Жаңа бағыт әсіресе күз маусымында туындайтын жүк вагондарының тапшылығын жоюға сеп болады.

Қазақстаннан Ауғанстан мен Орталық Азия елдеріне жүк пойызы шығарылмақ

Қазақстаннан екі бағыт бойынша маршрутты жүк пойыздары шығарылмақ. Оның бірі тікелей Ауғанстанға, екіншісі Орталық Азия елдеріне жөнелтіледі, деп хабарлайды 24.kz.

Жаңа бағыт әсіресе күз маусымында туындайтын жүк вагондарының тапшылығын жоюға сеп болады.

Былтыр еліміздің бірнеше аймағында жүк вагоны жетіспеді. Мысалы, бір ғана Қостанай облысында бидай тасымалдау үшін 4 мың вагон қажет болса, соның төрттен бір бөлігі ғана орындалды.

"Біздің есебіміз бойынша, әрбір жабық вагонға айына екі рет жүк тиелуге тиіс еді. Әр он бес тәулік аралығында олар оралып келуі қажет болатын. Ал нақты іс жүзінде бұл мерзім 35 тәулікке дейін созылып кеткен", - дейді көлік-логистикалық компаниясы директорының орынбасары Қайрат Сүлейменов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу