Елімізден бұқаларды экспорттауға уақытша тыйым салынды

121

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім етті.

Елімізден бұқаларды экспорттауға уақытша тыйым салынды Фото: gov.kz

Сыртқы сауда қызметі және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия еліміздің аумағынан ірі қара малдың бұқаларын үш ай мерзімге уақытша экспорттауға тыйым салу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2025 жылғы 14 мамырдағы №158 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 14 мамырдағы №227 бірлескен бұйрығының бұқаларды экспорттауға тыйым салу бөлігі 2025 жылғы 15 мамырдан бастап күшіне енді", - деп жазылған мәліметте.

Ведомство бұл шара еліміздегі азық-түлік тұрақтылығын қамтамасыз ету және өңдеуші кәсіпорындардың жұмысын жандандыру үшін қолға алынғанын еске салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу