Қажылыққа аттанған қазақстандықтардың алғашқы легі Саудияға қонды, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.
Бүгін 2018 жылдың қажылығына аттанушы қазақстандықтарды тасымалдау үшін жоспарланған SCAT әуе компаниясының 7 рейсінің алғашқысы Сауд Арабиясына орындалды.
Шымкент - Жидда бағытындағы бортында 149 жолаушысы бар DV 5073 Boeing 737-700 ұшағы жергілікті уақыт бойынша сағат 06.44-те ұшып шықты. Ұшақ Астана уақыты бойынша сағат 11:15-те Жидда әуежайына аман-есен жетті. Осы қажылардың Мәдинадан Шымкентке қайтуы 27 тамыз күніне жоспарланып отыр.
Қажылыққа аттанушылардың келесі рейсін SCAT әуе компаниясы Алматы - Жидда бағыты арқылы Boeing 767-300 ұшағымен жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де орындайтын болады. Бұл жолаушыларды 30 тамыз күні Мәдинадан Алматыға қайта жеткізу жоспарланған.
Жалпы, SCAT әуекомпаниясы Саудияға 7 рейс және кері қарай тағы 7 рейс орындайтын болады.