Елімізден мұнай сатып алу жағынан Италия көш бастап тұр

1241

Былтыр экспорттық мұнай көлемі 47,3 пайызға өскен. 

Елімізден мұнай сатып алу жағынан Италия көш бастап тұр

2018 жылдың қаңтар-қазан айында Қазақстанның мұнай экспорты 31,2 млрд долларға жетті, деп хабарлайды LS.

2017 жылмен салыстырғанда экспорттық мұнай көлемі 47,3 пайызға өскен. Статистика комитетінің мәліметінше, 10 айда 58,7 млн тонна шикі мұнай сатылған.

Елімізден мұнай сатып алу жағынан Италия көш бастап тұр  – 9,9 млрд долларға қара алтын алған. Ал Голландия 4,4 млрд долларға шикізат алса, Франция 3 млрд доллар жұмсаған. Швеция 2,2 млрд долларға мұнай алыпты. Сондай-ақ, Корея Республикасына 2 млрд долларға экспортталды. Испанияға – 1,4 млрд долларға, Румынияға – 1,2 млрд долларға, Грецияға – 879,5 млн долларға, Жапонияға –757,1 млн долларға, Польшаға – 596 млн долларға, Қытайға 493 млн долларға қара алтын сатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу