"Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына толықтырулар енгізілуі мүмкін. Тиісті қаулы Ашық НҚА сайтында қоғам назарына ұсынылды.
Құжатта мынадай өзгерістер қамтылған:
1) "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ:
мынадай мазмұндағы 176-1), 176-2), 176-3) және 176-4) тармақшаларымен толықтырылсын:
"176-1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып өз құзыреті шегінде жекелеген тауарларды шығаруға және (немесе) әкелуге тыйым салуларды, сандық шектеулерді (квоталарды), рұқсат беру тәртібін белгілейді;
176-2) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу және сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып өз құзыреті шегінде сандық шектеулердің (квоталардың) квотаның қолданылу мерзімі тәртібін әзірлейді;
176-3) сандық шектеулерді (квоталарды) бөлуді жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында тауарлардың жекелеген түрлерін шығаруға және (немесе) әкелуге квоталарының мөлшерін айқындайды;
176-4) өз құзыреті шегінде жекелеген тауарлардың түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензиялар береді;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жобаны қабылдау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды. Қоғамдық талқы 3 мамырға дейін жалғасады.