Елімізден жіберілген 800 тонна ұнның алғашқы партиясы БАӘ-ге жетті

744

Елімізден жіберілген 800 тонна ұнның алғашқы партиясы БАӘ-ге жетті

Араб Әмірліктеріне қазақстандық ұнның алғашқы 800 тоннасы жеткізілді. Бұл туралы аймақ басшысының кеңесшiсi Марат Иғали Фейсбуктегi парақшасында жариялады, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Марат Иғалидiң мәлiметi бойынша, Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин Дубайдың сауда-өнеркәсiптiк палатасының штаб пәтерiнде осы ұйымның басшысымен кездестi.

"Кездесуде Ақмола облысында шығарылатын ұнды БАӘ жеткiзу мәселесi сөз болды. Қазақстандық 800 тонна ұнның (оның 640 тоннасы бiрiншi сорт және 160 тоннасы жоғары сорт) алғашқы коммерциялық партиясын "INTER TRADE" ЖШС ағымдағы жылдың осы наурыз айында жеткiздi", - деп атап өттi Марат Иғалиев.

Арабтардың пiкiрiнше, ақмолалық ұн жоғары сапасымен ғана емес, экологиялық жағынан тазалығымен ерекшеленедi. Осы ретте, ақмолалық ұнның МЕМСТ 26574-85 және ИСО 9001-2009 стандартына сай болып отырғанын айта кеткен жөн.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екiжақты ынтымақтастықты одан әрi дамыту туралы келiсiмге келдi. Алдағы уақытта қазақстандық ұнды БАӘ-не Ақмола облысындағы өзге де тауар өндiрушiлерде жеткiзетiн болады.

Еске салай кетейiк, Дубайдың сауда-өнеркәсiптiк палатасы 1965 жылы жергiлiктi бизнестi қорғау және қолдау мақсатында құрылған болатын. Сонымен қатар, Мәлiк Мырзалиннiң БАӘ сапары барысында Ақмола облысында инвестициялық парк құру мәселесi де сөз болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу