Елімізде жүк көліктеріне шектеу енгізіледі

137

Келер жылдан бастап ауыр жүк көліктері үлкен жолға шыға алмайды.  

Елімізде жүк көліктеріне шектеу енгізіледі Фото: abai.kz

Сондай-ақ қала көшелерімен жүруге де шектеу қойылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҚР Көлік министрлігі жаңа ереже әзірлеп жатыр. Енді жүк артқан адам да, қабылдаған бизнес нысандар да жазалануы мүмкін. Көлік министрлігі үш жыл бұрын салмағы 25 тоннадан асатын ауыр жүктердің қозғалысына тыйым салған. Алайда тәртіпке бағынбай, шамасынан асырып жүк артып алатындар азаймады. Бақылауды күшейту үшін енді елде 200-ден аса автоматты салмақ өлшеу жүйелері орнатылады деп жоспарланған. 

Еліміздің жолдарында көбінесе 11 тонна жүк көлігінің үстіне 25-30 тоннаға дейін жүк артылады. Бұл жолдың мезгілінен бұрын тозуына әкеліп соғып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу