Еліміздік көлік индустриясы кәсіпорындарынан 5 жылда түскен салық 145,9 млрд теңгеден асты

1264

Еліміздік көлік индустриясы кәсіпорындарынан 5 жылда түскен салық 145,9 млрд теңгеден асты

2012-2016 жылдар аралығында бюджетке түскен салықтардың көлемі 145,9 млрд теңгеден асып жығылды. Салым түсімдерінің ең үлкен көлемі 2014 жылы (43 млрд теңге), ең азы 2012  жылға (16,1 млрд теңге) тиесілі болды. Бұл туралы "Бипэк-Авто – Азия авто" компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Бес жылдың қорытындысы бойынша  саладағы ең ірі салық төлеуші  Бипэк авто – Азия авто" холдингі болып отыр.  Оның үлесіне  салық түсімдерінің 40,1% немесе 58,6 млрд теңгесі тиесілі. Одан кейінгі орында Toyota Motor Kazakhstan (16%; 23,4 млрд теңге), КМК Astana Motors (14%; 20,5 млрд теңге), Mercur Auto (4,3%; 6,3 млрд теңге), Автомир (3,8%; 5,6 млрд теңге) орналасқан. Үздік ондыққа Каспиан Моторс (2,8%; 4,1 млрд теңге), Вираж (2%; 3 млрд теңге), Nomad Motors (2%; 2,9 млрд теңге), Allur Auto (1,9%; 2,8 млрд теңге)  және Урал-Кров (1,8%; 2,6 млрд теңге) енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу