Еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жасалды

379

Қарағанды облысының солтүстігінде бұрқасын.

Еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жасалды Фото: Inbusiness.kz

Синоптиктер 27 қаңтарда елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ұлытау облысының шығысында жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде тұман.

Қарағанды облысының солтүстігінде бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 болады.

Ақмола облысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын, шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші – 15-20 м/с.

Шымкенте түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысының солтүстік-шығысында, шығысында қар жауады, бұрқасын болады. Облыстың батысында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні – 15 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында түнде екпіні – 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу