Қазгидрометтің хабарлауынша бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күндіз еліміздің солтүстігінде нөсер жауын жауады, найзағай ойнайды.
Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында күні жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз солтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Абай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде 35-39°С қатты ыстық, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында 38-41°С қатты ыстық күтіледі.
Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында 40-42°С өтте қатты ыстық болжанады.
Ақмола, Атырау облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.