Еліміздің 13 өңірінде жолдар жабылды

362

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жолдарда 4 мыңнан аса көлік қалған.  

Еліміздің 13 өңірінде жолдар жабылды Фото: gov.kz

"Қазавтожол" бүгін сағат 22:00-дегі ахуалды хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 13 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 59 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Шектеу республикалық маңызы бар күре жолдың 5973 шақырымына енгізілді.

Аталған учаскелерде жолда 4 182 бірлік көлік (3598 жүк көлігі, 584 жеңіл көлік, 3 қоғамдық көлік) жиналып тұр.

"ҚазАвтоЖол" жолшылары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізуге 785 арнайы техника мен 1420 жұмысшы жұмылдырылды.

Барлық шұғыл ақпарат Sapar мобильді қосымшасында жүктелген және компанияның ресми сайтында https://kz.qaj.kz/s/ қолжетімді.

Сондай-ақ, тәулік бойына 1403 Call-орталығы жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу