Еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

130

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды Фото: Владимир Третьяков

Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында, күндіз тау асуларында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте түнде және таңертең қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түркістанда да түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының орталығында тұман болады деп күтіледі. Облыстың шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанады. Қызылордада түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, таулы аудандарында  да қатты жауын-шашын (көбінесе қар), тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Алматыда кей уақытта қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Кешкі уақытта тұман болады. Қонаевта батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың батысында, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Қарағандыда көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Күндіз облыстың шығысында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда көктайғақ болады деп күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. 28-29 қазанда облыстың таулы аудандарында көктайғақ болады деп күтіледі. 28-29 қазанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. 29 қазанда облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Оралда да түнде және таңертең тұман болады.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанайда тұман болады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Таңертең және күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Семейде күндіз оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстік бөлігінде қатты жаңбыр, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Түнде және таңертең таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу