Еліміздің 15,6 млн тұрғыны коронавирусқа қарсы екпе алды

611

Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Еліміздің 15,6 млн тұрғыны коронавирусқа қарсы екпе алды

Үкімет басшысының сөзінше, вакцина алу қарқыны төмендеп кетті.

"Қазіргі кезде барлығы 8,2 млн-нан аса адам вакцинаның бірінші компонентін, 7,4 млн-ға жуық адам екінші компонентін алды. Вакцина егу қарқыны төмендеді. Оны күшейту қажет", – деді Асқар Мамин. 

Премьер-министр Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдеріне вакциналау мәселесін жеке бақылауға алуды және оның қажетті деңгейін қамтамасыз етуді тапсырды. 

"Денсаулық сақтау, Ақпарат министрліктері халық арасында вакциналау мен ревакцинациялаудың маңызы туралы, сонымен бірге денсаулықты сақтаудың жалғыз жолы – коронавирусқа қарсы екпе алу екенін түсіндіру жұмысын жалғастырсын!" – деді Асқар Мамин. 

Үкімет басшысы берілген тапсырманы бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа тапсырды. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу