Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жасалды

284

Боран соғып, көктайғақ болады деп болжанады.

Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жасалды Фото: Inbusiness.kz

30 желтоқсанда Астанада және еліміздің 15 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Астанада қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қалың қар жауады. Облыстың таулы аймақтарында тұман болып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 23-28 м/с болады деп күтіледі.

Ұлытау облысының басым бөлігінде боран соғып, көктайғақ болады деп болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда қар ұшқындап, боран соғады, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының орталығында, батысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыс орталығында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман болады. Өңірдің солтүстігінде, таулы аудандарында батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні -  15-20 м/с. Шымкентте, Түркістанда тұман болады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде өңірдің батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Түнде өңірдің батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың көп бөлігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтөбеде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15 м/с.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп болжанады. Орал қаласында 30 желтоқсанда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Қарағанды облысының басым бөлігінде боран соғып, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан  соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Қарағандыда боран соғып, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде боран соғып, көктайғақ болады деп күтіледі. Өңірдің батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде түнде боран соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 17-22 м/с.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (негізінен қар) болады деп күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз өңірдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде боран соғады, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Өскеменде боран соғып, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 17-22 м/с.

Түнде және таңертең Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда түнде көктайғақ болады. Түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-18 м/с.

Түнде Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз өңірдің басым бөлігінде боран соғып, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда таңертең және түстен кейін боран болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында боран болады деп күтіледі. Түнде оңтүстік-батыстан  соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Павлодарда боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с, түнде - 23 м/с.

Жетісу облысының солтүстік-шығысында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың солтүстік-шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с, Алакөл ауданында 18-23 м/с, кей тұста 28 м/с жылдамдықпен жел соғады. Талдықорғанда күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Алматы облысының таулы аудандарында қалың қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Өңірдің шығысында, орталығында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с жылдамдықпен жел соғады. Алматыда түнде және таңертең тұман болады. Қонаевта түнде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу