Еліміздің 17 өңірінде "Халық әуені" жобасы өтеді

260

Жоба ұлттық мәдени мұраны насихаттауға, өнердің үздік үлгілерін ел өңірлеріне, соның ішінде шалғай ауыл тұрғындарына жеткізуге бағытталады.

Еліміздің 17 өңірінде "Халық әуені" жобасы өтеді Фото: qazaqconcert.kz

2026 жылғы 21-23 мамыр аралығында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай елімізде "Халық әуені" концерттік туры ұйымдастырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Жоба аясында концерттік ұйымдар мен шығармашылық ұжымдар Қазақстанның 17 өңірін аралайды. Әр ұжым үш аудан орталығы мен моноқалада өнер көрсетеді. Жалпы тур аясында көрерменге 51 концерттік бағдарлама тегін ұсынылады. Концерттер жанды дауыста өтіп, бірқатары ашық аспан астындағы алаңдарда ұйымдастырылады.

Бағдарламаға елімізде және халықаралық сахналарда өнер көрсетіп жүрген танымал әртістер, шығармашылық ұжымдар мен орындаушылар қатысады. Көрермен ұлттық музыкалық мұрамен қатар, заманауи концерттік қойылымдарды тамашалай алады.

"Халық әуені" жобасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның демеушілік қолдауымен алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу