Еліміздің 18 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

148

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Еліміздің 18 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды Фото: pixabay.com
  • Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 13 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
  • Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 13 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
  • 13 тамызда Қарағанды облысының оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 13 тамызда оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
  • Астанада 13 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
  • 13 тамызда Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ: 13 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.
  • 13 тамызда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, күндіз шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 13 тамызда түнде найзағай күтіледі.
  • 13 тамызда күндіз Жетісу облысының басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Талдықорған қ.: 13 тамызда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.
  • 13 тамызда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр, күндіз солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 13 тамызда кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
  • 13 тамызда түнде Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 13 тамызда түнде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
  • 13 тамызда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай: 13 тамызда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
  • 13 тамызда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл, облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 13 тамызда жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
  • 13 тамызда Павлодар облысының оңтүстік-шығысында түнде найзағай, батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Павлодар қ.: 13 тамызда түнде тұман күтіледі.
  • 13 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл. Түнде облыстың батысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 13 тамызда күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с.
  • 13 тамызда түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 13 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.
  • 13 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 13 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
  • 13 тамызда күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
  • 13 тамызда күндіз Алматы облысының басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Алматы қ.: 13 тамызда күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады. Қонаев қ.: 13 тамызда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенші өрт қауіпі сақталады.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу