banner

Еліміздің 187 мектебінде робототехника кабинеттері ашылады

599

"Digital Bridge 2022" форумында "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры мен "Арман" холдингі "Болашақ инженерлер" қайырымдылық жобасы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Еліміздің 187 мектебінде робототехника кабинеттері ашылады

Еліміздің 187 мектебінде, оның ішінде 160 аудандық және 27 моноқалалардағы білім беру ордаларында робототехника кабинеттері ашылады. 1-6 сынып оқушылары бағдарламалау, құрастыру, электротехника және басқа да бағыттар бойынша білім алмақ, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақстан халқына" қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев пен "Арман Holding" халықаралық компаниясының президенті Серікбай Бисекеев ауылдар мен шағын қалаларда роботехника кабинеттерін жабдықтау туралы келісімге қол қойды.

Қайырымдылық жобасының негізгі мақсаты – ауылдық жерлер мен шағын қалалардағы балаларға роботехниканы үйренуге жағдай жасау.

"Ауылдық жерлер мен моноқалаларда білім беруді дамытудың маңызы зор. Сондықтан балаларға робототехниканы, бағдарламалауды үйренуге және инженерлік дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретін қажетті жобаны іске асырып жатырмыз", – деді Болат Жәмішев.

"Болашақтың жаңа дағдылары барша азаматтарға, әсіресе шалғай ауылдар мен моноқалалардағы балалар үшін бейімдеп, ана тілімізде қолжетімді ететінімізге қуаныштымын", – деді Серікбай Бисекеев.

Жобаның 2022-2026 жылдарға арналған бюджеті 1 млрд 339 млн 668 мың теңге деп көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу