Қаулы жобасына сәйкес, "Нұрлы жол" мемлекеттік инфрақұрылымын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы N1055 қаулысының күші жойылды деп тану ұсынылған.
Айта кетерлігі, "Нұрлы жол" бағдарламасының 2020-2025 жылдарға арналған аралық нысаналы индикаторлары толық жүзеге асырылған жоқ.
Сонымен, Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, мемлекеттік бағдарлама аясында "Көлік және қойма шаруашылығы" саласы бойынша еңбек өнімділігі 2021 жылы 26,7%-ға өсу керек еді, бірақ іс жүзінде 0,3%-ға төмендеді.
"Көлік және қойма шаруашылығы" саласына салынған инвестиция 2016 жылдың деңгейімен салыстырғанда 2021 жылы 162,9%-ды құрауы керек еді, бірақ іс жүзінде 109,3%-ды құрады.