Еліміздің 24 фельдшері ведомстволық наградалармен марапатталды

99

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Еліміздің 24 фельдшері ведомстволық наградалармен марапатталды Фото: ДСМ

4 фельдшер "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісіне, 11 фельдшер "Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін" белгісіне, 9 фельдшер Құрмет грамотасына ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Денсаулық сақтау министрлігінде жыл қорытындысы бойынша жедел медициналық жәрдем қызметінің үздік фельдшерлерін марапаттауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Олар – тәуекелі жоғары, эмоционалдық жүктемесі ауыр жағдайда еңбек ететін ең күрделі мамандық иелерінің өкілдері. Іс-шараның алғашқы минуттарында қатысушылар кәсіби міндетін атқару кезінде қаза тапқан әріптестерінің – Ұлдана Мырзуан мен Насиба Жанабаеваның – жарқын естелігіне бір минут үнсіздікпен тағзым етті. Олардың есімдері отандық денсаулық сақтау тарихында мәңгі сақталып, кәсіби ар-намыс, батылдық пен адамгершіліктің үлгісі ретінде медициналық қызметкерлердің жаңа буынын шабыттандыра береді.

Министрлік аппаратының басшысы Болат Төкежанов жедел жәрдем фельдшерлеріне жанқиярлық еңбегі, ерлігі мен мамандыққа адалдығы үшін алғысын білдіріп, үздік мамандарды марапаттау рәсімін өткізді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 24 бұйрығына сәйкес, еліміздің 24 фельдшері ведомстволық наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, 4 фельдшер "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісімен, 11 фельдшер "Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін" белгісімен (оның ішінде біреуі – қайтыс болғаннан кейін), 9 фельдшер Құрмет грамотасымен марапатталды.

"Бүгін біз жедел жәрдем фельдшерлеріне – медицинаның алдыңғы шебінде еңбек етіп, санаулы минуттар ішінде шешім қабылдап, төтенше жағдайларда адам өмірін сақтап қалатын жандарға құрмет көрсету үшін жиналдық. Бұл – жай ғана марапаттау рәсімі емес, бұл – терең алғыс пен қоғамдық мойындаудың көрінісі", – деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы Болат Төкежанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу