Елбасының Жарлықтарымен Қазақстанның бірнеше елдегі төтенше және өкілетті елшілері тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның Швеция корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне, Берік Арын еліміздің Саудиядағы төтенше және өкілетті елшісі және Қазақстанның ИЫҰ жанындағы тұрақты өкілі қызметіне, Дархан Сатыбалды Өзбекстандағы, ал Асқар Тәжібаев Тәжікстандағы еліміздің төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу