Еліміздің 4 облысында 42 градусқа дейін ыстық болады

399

Атырау облысында 40-42°С қатты ыстық сақталады

Еліміздің 4 облысында 42 градусқа дейін ыстық болады

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 11 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжамын жариялады.

ҚР көп бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, найзағаймен жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-шығыста, солтүстікте, орталықта, шығыста бұршақ, дауыл күтіледі. ҚР-ның батысында, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша екпінді жел болжанады. ҚР солтүстік-батысында тұман күтіледі.

Күндіз Атырау облысының оңтүстік-батысында 40-42°С қатты ыстық сақталады. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында 35-39°с қатты ыстық сақталады.

Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Абай, Жетісу облыстарында, Түркістанның солтүстігінде, оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Алматы облысының  солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде,  орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында,  солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде,батысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу