Еліміздің 5 өңірінде карантин күшейтіледі

814

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәлімдеуінше, еліміздің бірнеше өңірінде Ashyq жобасына қатыспайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Еліміздің 5 өңірінде карантин күшейтіледі

Шектеу шарасы 2 тамыздан бастап қолға алынады. 

"Республика бойынша тәуліктік ауру жұқтыру көрсеткішінің 65%-ы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларына тиесілі. Осыған байланысты кеше ведомствоаралық комиссия аталған өңірлерде қосымша шектеу шараларын бекітті. Шектеу шарасы 2 тамыздан бастап күшіне енеді", – деді Алексей Цой. 

Министрдің нақтылауынша, меншік иесіне қарамастан, орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерден, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау нысандарынан, БАҚ ұйымдары мен азық-түлік дүкендерінен, дәріханалар мен өмірді қамтамасыз ететін ұйымдардан басқа Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылады. "Карантинге байланысты ойын-сауық, спорт және өзге де бұқаралық шараларды, отбасылық жиын-той мен еске алу жиындарын өткізуге тыйым салынады", – деді Алексей Цой.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу