Еліміздің 6 қаласында ауа ластанады

270

Синоптиктер 18 желтоқсанда ауа сапасы қандай болатынын жариялады.   

Еліміздің 6 қаласында ауа ластанады Фото: inbusiness.kz

Қазақстанның 6 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты “Қазгидромет” РМҚ-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, 18 желтоқсанда Астана, Алматы, Атырау, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы. Бұл кезде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу