2019 жылы 4 қазанда Алматы қаласында АХҚО делегациясы мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ, Алматы қаласының академиялық топтары өкілдерімен кездесу өткізеді. Кездесу Халықаралық инвесторлар апталығына (World Investor's Week) орайластырылып, бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялардың халықаралық ұйымының (IOSCO) қолдауымен өткізіледі және халықтың инвестициялық сауатын арттыруға бағытталған.
Дәстүрлі түрде іс-шара қазанның бірінші аптасында әлемнің 80 елінде өткізіледі. Мақсаты-инвестициялаудың негіздері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету және қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғау.
Биыл Халықаралық инвесторлар апталығы – 2019 30 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Қазақстанның 6 қаласы: Петропавл, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында өтеді.