Еліміздің 6 өңірі "қызыл" аймаққа енді

1187

Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Еліміздің  6 өңірі "қызыл" аймаққа енді

2021 жылдың 3 сәуіріндегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Шымкент қаласы және Ақмола мен Қарағанды облыстары орналасқан.

Қалған барлық өңір - "жасыл" аймақта.

Қазақстан таяуда әлемдік эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша "қызыл" аймаққа өткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу