Мониторинг барысында 6 өңірде, атап айтқанда, Абай, Қызылорда, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында және Астана қаласында көмірді дайындау барысының қарқыны тым төмен екені анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев баяндамасына сілтеме жасап.
"Барлық өңірлерде алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілудеі. Көмірмен қамтамасыз етуді қарастырсақ, алдағы жылыту маусымында көмірге қажеттілік 8,6 млн т құрайды, оның ішінде 2,3 млн т коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке, 6,3 млн т халық пайдалануына қажет", – деді министр Үкімет отырысында.
Жылыту маусымына дайындық басталғалы бері шамамен 1 млн т көмір жеткізілді – жылдық жоспардың 12%-ы.
"Мониторинг барысында 6 өңірде, атап айтқанда, Абай, Қызылорда, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында және Астана қаласында көмірді дайындау барысының қарқыны тым төмен екені анықталды. ҚТЖ мен көмір өндіруші кәсіпорындар жоспарға сәйкес, өндірілген көмірдің қажетті көлемін жеткізуге дайын. Аталған өңірлер жұмысты жандандыруы қажет", – деді Қ.Шарлапаев.