Еліміздің 6 өңірінде мобильді жұмыспен қамту орталықтары ашылады

477

Атап айтқанда, Абай, Ақмола, Ақтөбе Шығыс Қазақстан, Қостанай мен Маңғыстау облыстарында жұмыспен қамту орталықтары жұмысын бастайды.  

Еліміздің 6 өңірінде мобильді жұмыспен қамту орталықтары ашылады Фото: ortcom.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев шалғай ауылды елді мекендерге де назар аударылатынын айтты. Бұл үшін 6 өңірде мобильді жұмыспен қамту орталықтарының жұмысы ұйымдастырылмақ, деп жазады inbusiness.kz.

"Арнайы жабдықталған жылжымалы оқу орталықтары қысқа мерзімді курстарға қолетімділікті қамтамасыз етіп, практикадан өту мүмкіндігін береді. Сонымен қатар барлық өңірлерде мобильді жұмыспен қамту орталықтарының жұмыстары ұйымдастырылады. Биыл 2,9 мың шығу жоспарланған. Мобильді жұмыспен қамту орталықтарын ұйымдастырудың мақсаты халықты жұмыспен қамту шаралары туралы хабардар ету және одан әрі жұмысқа орналастыру", - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу