Еліміздің 7 өңірі "сары" аймақта тұр

1017

Елордада жағдай күрделі.

Еліміздің 7 өңірі "сары" аймақта тұр

Санитариялсық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапованың айтуынша Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл" аймақта. Ал тағы 7 өңір тәуекелі жоғары "сары" аймақта.

"Олар Шығыс Қазақстан, Атырау, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы. Қалған өңірдер "жасыл" аймақта. Екі апта бойы эпидемиологиялық жағдай жақсарған өңірдерде карантиндік шектеулерді жеңілдету мәселесі қаралады", – деді ол. 

Соңғы екі аптада сырқаттанушылық көрсеткіші Нұр-Сұлтанда 1,3 есе, Жамбыл облысында 1,7 есе, Атырау обылысында 2,4 есе, Алматы облысында1,5 есе өскен. 

Осылайша барлық өңірдерде ұжымдық мерекелерді өткізуге тыйым салынды. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу