2 қыркүйек күні еліміздің 7 өңірінде ауа райы құбылады, деп хабарлайды Қазгидромет.
2 қыркүйекте Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күннің екінші жартысында Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытына ауысады, күші 15-20 , кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
2 қыркүйекте Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Сондай-ақ, 2 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі болжанады.