Еліміздің 8 облысында республикалық маңызы бар жолдар әлі жабық

541

Республиканың 8 облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолдар әлі жабық тұр, деп жазады inbusiness.kz Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап. 

Еліміздің 8 облысында республикалық маңызы бар жолдар әлі жабық Фото: el.kz

"Ауа-райының қолайсыздығы салдарынан Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Түркістан облыстарында республикалық маңызы бар автожолдар әлі де жабық. Мысалы, республикалық маңызы бар автожолдардың 44 учаскесінде қозғалыс шектелді", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, республикалық автожолдар желісінде, оның ішінде жабық учаскелерде 541 бірлік арнайы техника және 829 жолшы маман жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу