Еліміздің 9 аймағында су тасиды деген қауіп бар

951

Еліміздің 9 аймағында су тасиды деген қауіп бар

Қазгидрометтің болжауынша, 26-30 наурызда Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарының жекеленген өзендерінде оң мәнді ауа температурасының сақталуы мен қардың еруіне байланысты жергілікті ағынның қалыптасуы, су тасу мен жайылмалық аудандарға судың шығуы күтілуде.

Сондай-ақ, 26-27 наурызда СҚО және Павлодар облысындағы  жекеленген өзендерінде оң мәнді ауа температурасының сақталуы мен қардың еруіне байланысты жергілікті ағынның қалыптасуы, су тасу мен жайылмалық аудандарға судың шығуы күтіледі.

25-30 наурызда БҚО, Атырау, Ақтөбе облыстарында күн жылынуы мен жауын-шашын күтілуіне байланысты қар еріп, су деңгейлерінің көтерілуі, жайылмалық аудандарға судың шығуы қауіпі бар. 25 наурызда Ақтөбе облысында нөсер жаңбыр жауады.

26 наурызда Сырдария өзенінде (Қызылорда облысы) ауа температураларының жылынуының жалғасуына байланысты мұз кептелісі пайда болып, су деңгейінің көтерілуі, жайылмалық аудандарға су шығуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу