Еліміздің 9 облысында жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

379

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясы мәлімдеді.

Еліміздің 9 облысында жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді Фото: ҚазАвтоЖол

20 ақпан сағат 06.00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 9 облыста республикалық маңызы бар 30 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Абай облысы - жалпы ұзындығы 2174 км 7 автожол (температураның төмендеуі)

Облыс бойынша барлық бағыттар бойынша (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін) (боран, жел, көрінудің шектелуі) "Омбы-Майқапшағай" км. 915-1002, уч. Қалбатау ауылы - Көкпекті ауылы (барлық көлік үшін);

Ақмола облысы – жалпы ұзындығы 41 км 1 автожол (Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. "Астана-Ерейментау-Шідерті" км 159-200, Ерейментау, Павлодар облысы (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін).

Шығыс Қазақстан облысы – жалпы ұзындығы 1268 км 7 автожол (температураның төмендеуі). 

Облыс бойынша барлық бағыттар (қоғамдық көліктер және дизельдік көліктер).

Жамбыл облысы - жалпы ұзындығы 79 км 1 автожол (температураның төмендеуі).

1."Алматы - Ташкент-Термез" Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық түрлер үшін).

Жетісу облысы - жалпы ұзындығы 58 км 1 автожол (Абай облысының ауа-райының нашарлауына байланысты қар, боран, жел, көрінуі шектеулі)

1 "Алматы-Өскемен"  557-615 км, Үшарал қаласы – Абай облысы (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер)

Қарағанды облысы – жалпы ұзындығы 732 км 4 автожол (ауа райының нашарлауына байланысты Ұлытау, Абай, Павлодар облыстары)

1. "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" 217-320 км, Қарқаралы-Абай обл. (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін)

2 "Қызылорда-Павлодар" 788-906 км, Ұлытау ауданы – Топар ауылы (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер)

3. "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" 231-324 км, Павлодар обл.-Ботақара. б.(қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін) (температураның төмендеуі)

4. "Екатеринбург-Алматы" 1505-1854 км, Жаңа құрылыс ауылы – Балқаш қаласы ( қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін).

Қостанай облысы - жалпы ұзындығы 83 км 1 автожол (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. "Жезқазған-Петропавл" – Ұлытау облысы-Арқалық қ. Барлық көлік түрлері)

Павлодар облысы - жалпы ұзындығы 1624 км 8 автожол (ауа температурасының төмендеуі)

1. Барлық облыстар, барлық бағыттары (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін)

Ұлытау облысы - жалпы ұзындығы 543 км 2 автожол (боран, жел, температураның төмендеуі)

1. "Жезқазған-Петропавл" - Қостанай облысы-Ұлытау ауылы (барлық көлік түрі) Жезді-Ұлытау ауылы. (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін)

2. "Қызылорда-Павлодар" - Қарағанды облысы-Жезқазған қаласы. (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін).

Ағымдағы сағатқа Республикалық маңызы бар автожолдарда 211 бірлік техника және 318 адам жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу