25 қарашада ауа ағындарының әсерінен республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Күндіз елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аумақтарда және шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тек ҚР батысында антициклон жотасының әсерінен күн ашық боуы ықтимал. Республиканың басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. Еліміздің батыс жартысында, орталығында тұман күтіледі.
Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады, түнде таулы аудандарда - жел 15-20 м/с, күндіз – 15-20, таулы аудандарда екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде бұрқасын, жолдарда көктайғақ, облыстың солтүстігінде, батысында 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман, шығысында, орталығында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында, түнде Маңғыстаудың батысында, күндіз Ақмола облысының шығысында, Алматы облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жел тұрады, жылдамдығы - 15-20 м/с.
Сондай-ақ Ақмола облысының оңтүстік – шығысында жаяу бұрқасын болады, көктайғақ, Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік – батысында көктайғақ, тұман, Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ болады. Атырау облысының батысында тұман түседі.