Ауа райының қолайсыздығына байланысты елдің алты өңірінде түрлі бағыттар бойынша автожолдар жабылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
(Астана қ.)
24 қаңтар сағат 20.00-ден бастап (бұрқасын, көрінудің шектелуі) "Астана-Көкшетау" республикалық маңыздағы а/ж автокөліктің барлық түрлері үшін жабық.
(Ақмола облысы)
24 қаңтар сағат 20.00-ден бастап (қар, бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) "Астана-Петропавл" күре жолы (18-230 шақырым аралығы Астана қаласы - Щучинск қаласы), "Жақсы-Есіл-Бұзұлық" автожолы (0-82 шақырым аралығы, Жақсы ауылы - Бұзұлық ауылы), "Қостанай-Әулиекөл-Сурган" автожолы (232-260 шақырым аралығы, Қостанай обл. аумағы - Сурган ауылы), "Жезқазған-Петропавл" тас жолы (377-595 шақырым аралығы, Қостанай обл. аумағы - СҚО), "Екатеринбург-Алматы" автожолы (856-1006 шақырым аралығы, СҚО аумағы- Атбасар қ.) барлық автокөлік түрлеріне жабылды.
(Павлодар облысы)
23 қаңтар сағат 19.40-тан бастап "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ телефонхатына сәйкес, ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеу) облыстық маңыздағы "Шақат-Восточное-Шалдай" (0-121,6) автожолының учаскесі барлық көлік түрлері үшін жабылды.
(Қарағанды облысы)
24 қаңтар сағат 11.35-тен бастап (бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) "Ұлытау ауданы-Костанай обл. шекарасы" (136-252 шақырым аралығы, "Жезказган-Петропавл" автожолы) бөлігінде барлық автокөлікке қозғалыс шектелді.
(Қостанай облысы)
24 қаңтар сағат 19.00-ден бастап (бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) Р-36 "Қостанай-Әулиекөл-Сурган" автожолы (108-232 шақырым аралығы, Әулиекөл ауылынан- Ақмола облысының шекарасына дейін), А-16 "Жезқазған-Петропавл" күре жолы (252-377 шақырым аралығы, Қарағанды облысынын - Арқалық - Ақмола облысының шекарасына дейін) барлық автокөлікке жабық. 24 қаңтар сағат 19.00-ден бастап "Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ телефонхатына сәйкес, (боран, көру мүмкіндігінің шектелуі) облыстық маңыздағы "Арқалық -Торғай" (0-288 шақырым аралығы, а/ж "Әулиекөл -Жолдама", 0-257 шақырым аралығы, а/ж "Қойбағар-Севастополь" 0-124 шақырым аралығы) автожол учаскесінде барлық көлік үшін қозғалыс тоқтатылды. (Солтүстік Қазақстан облысы) 25 қаңтардан бастап (күшті бұрқасын, 25 м/с-қа дейінгі жел) барлық бағыттар бойынша облыстық маңызы бар жолдар жабық.