Түркістан облысында 4 желтоқсанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Шымкентте 4 желтоқсанда көктайғақ болады. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95 %.
Өскемен, Риддер қалалары мен Жаңа Бұқтырма ауылында 4 желтоқсанда 21.00-ге дейін 2 дәрежелі жағымсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.
Солтүстік Қазақстан облысында 4 желтоқсанда кей жерлерге тұман түседі. Петропавлда да тұман болуы мүмкін. Ауа райы болжамының дәлдігі - 90-95 %.
Ақмола облысында 4 желтоқсанда кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ауа райы болжамының жәлдігі - 85-90%.
Маңғыстау облысының солтүстігінде 4 желтоқсан күні түнде 22°С-қа дейін қатты аяз болуы мүмкін. Жолда көктайғақ сақталады. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.