Еліміздің алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

1040

Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.  

Еліміздің алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

22 қаңтарда ауа температурасы түнде 0-5, кей жерлерде 8 градус аяз болады. Солтүстік аудандарда минус 13-18 градусқа дейін күрт суытады.

23 қаңтар күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қалың қар жуады. Кей жерлерде бұрқасын соғып, тұман түседі, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 23-28 м/с жетеді.

Күндіз таулы аудандарда жел қарқыны 30 м/с және одан қатты күшейеді. 22 қаңтарда Түркістан қаласында ауа температурасы күндіз минус 6-8 градусқа дейін күрт төмендей ді.

22 қаңтар таңертең және күндіз Шымкентте қалың қар жауады . Күндіз ауа температурасы 3-5 градус аязға дейін суытады.

22-23 қаңтарда бұрқасын соғады, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 25 м/с жетеді.

22-23 қаңтарда бұрқасын, оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 25 м/с желдің күшеюі күтіледі.

22 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғады. Күндіз кей жерлерде жел жылдамдығы - 15-20 м/с.

22 қаңтарда Қызылорда облысында ауа температурасы түнде 15-20 градус аяз болады. Күндіз минус 3-8, кей жерлерде -11 градусқа дейін күрт төмендей ді.

Облыстың кей жерлерінде тұман түседі, боран соғады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, жел қарқыны кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.

Күндіз 22 қаңтарда Талдықорған қаласында көктайғақ болады. Батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

22 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. 22 қаңтар түнде және таңертең Орал қаласында да күн тұманды.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу