19 сәуірде Түркістан облысының батыс, оңтүстік және, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан облыстың солтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктеріндегі аудандарда жел екпіні – 15-20 м/с.
Шымкентте 19 сәуірде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с.
Түркістанда найзағай, ойнап, дауыл тұрады. Шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысынан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығысынан 15-20 м/с екпінмен жел соғады. Күндіз кей жерлерде облыстың оңтүстік-шығысында соғатын желдің жылдамдығы 23 м/с-қа жетеді.
Қызылорда облысының орталығында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с екпінмен жел соғады.
Атырау облысының батысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Найзағай ойнағанда желдің екпіні 17-22 м/с-қа, Жалаңашкөл ауданында 25 м/с-қа жетеді.