Еліміздің алты өңірінде педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курстары басталды

479

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Еліміздің алты өңірінде педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курстары басталды Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының 2000-нан астам педагогі шағын жинақталған мектептерде оқу процесін цифрландыруда білім алуда.

Курстар "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы әзірлеген екі білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі: "Шағын жинақталған мектептерді басқарудағы цифрлық шешімдер" шағын жинақты мектептердің басшылары үшін және "Пәндерді оқытуда цифрлық ресурстарды пайдалану" шағын жинақты мектептердің педагогтері үшін.

Оқытудан кейін шағын жинақталған мектептердің директорлары білім беру жүйесін диджитализациялаудың нормативтік-құқықтық және теориялық негіздерін меңгереді, цифрлық өзгерістер жағдайында пәндерді оқытудағы тәсілдерді жаңарту үшін мектептің білім беру ортасын бейімдей алады. Шағын жинақталған мектеп мұғалімдері цифрлық немесе аралас оқыту форматының, синхронды және асинхронды коммуникацияның, саралау мен дараландырудың, кері байланыс беру үшін онлайн-сервистердің стратегиялары мен әдістерін пайдалана отырып сабақтарды жоспарлауды үйренеді. Жобаны барлық өңірлерге масштабтау 2024-2025 жылдарға жоспарланған.

Алты аймаққа жоспарланған курстар қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Барлығы 5000-нан астам педагог оқытылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу