Еліміздің алтын-валюта резервіне 35,3 млрд доллар қосылды

1208

Халықаралық жалпы резерв 3,2% ұлғайды. 

Еліміздің алтын-валюта резервіне 35,3 млрд доллар қосылды

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев үкімет отырысында Қазақстанның алтын-валюта резерві 2,4 млрд долларға артқанын айтты. 

"Шілденің соңында халықаралық жалпы резерв 3,2% ұлғайып, 93,5 млрд АҚШ долларын құрады. Ұлттық банктің алтын-валюта резерві алтын бағасының өсуіне байланысты 35,3 млрд АҚШ долларына дейін 7,3% немесе 2,4 млрд долларға көбейді", – деді ол. 

Ерболат Досаевтың сөзінше, Ұлттық қордың активі шілдеде 1,6 млрд АҚШ доллар инвестициялық кіріс есебінен бір айда 0,5 млрд АҚШ долларына (+0,9%) ұлғайып, 58,2 млрд АҚШ долларын құрады.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу