Еліміздің алтынвалюта қоры қаңтарда 1,3%-ға өсті

871

Еліміздің алтынвалюта қоры қаңтарда 1,3%-ға өсті

Еліміздің алтынвалюта қоры (АВҚ), оның ішінде Ұлттық банктің  жалпы резервтері мен Ұлттық қордың қаражатын қоса алғанда 2017 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша 91,946 млрд долларды құрады, деп жазады "Интерфакс-Қазақстан".

Өткен айда Қазақстанның АВҚ 1,3%-ға өсті.

Қазақстанның Ұлттық қорының активтері ай ішінде 1,84%-ға артып, 62,346 млрд долларды құрады.
Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері 2017 жылдың қаңтарында 0,24%-ға өсіп, 29,6 млрд долларға жетті.

Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері өткен айда 0,32%-ға өсіп,  29,091 млрд долларды құрады.

2017 жылдың қаңтарында валютадағы активтер 1,65%-ға – 19,585 млрд долларға дейін қысқарса, алтынмен есептелген активтер өткен айда 4,15%-ға 10,015 млрд долларға дейін көбейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу