Еліміздің әрбір бесінші тұрғынына мемлекеттік қолдау көрсетілді – министр

454

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша мемлекет халық алдындағы өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толық орындады. 

Еліміздің әрбір бесінші тұрғынына мемлекеттік қолдау көрсетілді – министр Фото: azattyq-ruhy.kz

2022 жылы 4,4 трлн теңге сомасына 4 млн-нан астам азаматқа зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындалды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде хабарлады, деп жазады inbusiness.kz

"Мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелері орындалды. Былтыр министрлік 4 млн-нан астам азаматқа 4,4 трлн теңгеге зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындап, оны уақытылы төледі. Яғни еліміздің әрбір бесінші тұрғынына мемлекеттік қолдау көрсетілді. Екіншіден, азаматтарды еңбекпен қамту аясын кеңейту жұмысы жандана түсті. Ол ұлттық жобалар, Мемлекет басшысының 10 мың адамға шаққандағы 100 жұмыс орнын құру туралы тапсырмасы және халықты еңбекпен қамтуды көздейтін басқа да бағдарламалар аясында жүзеге асырылды. Аталған бағдарламалар 981 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу