Қазақстан өңірдегі астықтың негізгі жеткізушілерінің бірі ретіндегі позициясын сақтай отырып, экспорттық әлеуетін нығайтып, жеткізу географиясын кеңейтуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" деректеріне сәйкес, 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін 5,8 млн тонна астық экспортталған. Бұл өткен маркетингтік жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 млн тоннаға артық (4,8 млн тонна).
Жеткізілімдердің негізгі өсімі Орталық және Оңтүстік Азияның дәстүрлі нарықтарына тиесілі.
Атап айтқанда, Өзбекстанға астық экспорты 49%-ға артып, 1 813 мың тоннадан 2 702 мың тоннаға жетті.
Қырғызстанға жеткізілім көлемі 1,7 есеге өсіп, 95 мың тоннадан 163 мың тоннаға дейін ұлғайды. Ауғанстанға экспорт 1,9 есеге артып, 216 мың тоннадан 416 мың тоннаға жетті.