Еліміздің әуе кеңістігінде 46 рейс тоқтатылды

813

Ертеңнен бастап Әзербайжанға қатынау шектеледі.

Еліміздің әуе кеңістігінде 46 рейс тоқтатылды

1 наурыздан бастап еліміздің әуе кеңістігінде 46 рейс тоқтатылды. Оның 34-і – Қытайдан қатынайтын ұшақтар. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан – Сеул және Алматы – Сеул бағыты бойынша қатынайтын 9 рейстің алтауы тоқтатылды.

"Эйр Астана" әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Сеул бағыты аптасына 2-ден 1 рейске дейін, Алматы – Сеул бағыты аптасына 5-тен 1 рейске дейін және "Asiana Airlines" әуе компаниясының рейсі 2-ден 1 рейске дейін шектелді. "Mahan Air" әуе компаниясының Алматы – Тегеран бағыты бойынша рейстер 1 наурыздан бастап (аптасына 1 рейс) тоқтатылды. Азаматтық авиация комитеті осындай хабарлама таратып отыр. Ведомство ертеңнен бастап Әзербайжан мен Жапонияға қатынайтын рестердің саны да қысқаратынын хабарлады.

"5 наурыздан бастап Нұр-Cұлтан – Баку бағыты тоқтатылады. Алматы-Баку рейсі 5–тен 1 рейске дейін, Ақтау — Баку рейсі 7-ден 1 рейске дейін шектеледі. "SCAT" әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Токио бағыты 2-ден 1 рейске дейін шектеледі. Аталған рейстердің тоқтатылуына байланысты, 1 наурыздан бастап жоғарыда көрсетілген рейстерге билеттері бар жолаушылар әуе билеттерді сатып алу орны бойынша айыппұлсыз және толық көлемде қайтара алады", – деп жазылған хабарламада.

Жолаушылар әуе билеттерді қайтару мәселесі бойынша "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-ға 8 (7172) 64 58 41 нөмірі бойынша, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін хабарласа алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу