Еліміздің әуе кеңістігінде шетелдік 2 ұшақ соқтығыса жаздады

93

Арнайы комиссия құрылады.   

Еліміздің әуе кеңістігінде шетелдік 2 ұшақ соқтығыса жаздады Фото: Midjourney

Қазақстанның аспанында екі шетелдік ұшақтың қатысуымен авиациялық оқиға тіркелді. Осыған байланысты Көлік министрлігінің көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаменті ресми пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"2026 жылғы 10 қаңтарда Астана уақыты бойынша шамамен сағат 05:42-де Шымкент өңірлік диспетчерлік орталығының А2И секторы аймағында "Победа" әуе компаниясының Внуково – Самарқанд бағытындағы PBD997 рейсіне және "Uzbekistan Airways" әуе компаниясының Термез – Мәскеу бағытындағы UZB9609 рейсіне қызмет көрсету барысында авиациялық оқиға болды. Бұл жағдай міндетті түрде уәкілетті орган тарапынан тергеп-тексеруді талап ететін елеулі авиациялық инцидент санатына жатады", – делінген хабарламада.

Көлік министрлігінде аталмыш оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу