Еліміздің банктердің несие портфелі 22,3 трлн теңгеге жетті

652

Бір айдағы өсім 2,3%, жылдық өсім  23,3%-ды құраған. Бұл туралы ranking.kz порталы сарапшыларының деректері негізінде inbusiness.kz жазады.   

Еліміздің банктердің несие портфелі 22,3 трлн теңгеге жетті Фото: contmais

Порталдың мәліметінше 1 қазандағы жағдай бойынша екінші деңгейлі банктердің несие портфелі бір айда 2,3% өскен, жыл ішіндегі көрсеткіш 23,3%-ды құрады. Осылайша елдегі ЕДБ берген несие көлемі 22,3 трлн теңге болды.

Елдегі ең ірі кредитор-банктер ондығында бірінші орында Bank RBK тұр. Ай сайынғы өсім бірден 9%-ға артып, 865 млрд теңгеге жеткен.  Жылдық динамикада банк портфелі бір жарым есеге өсті. Банк кәсiпкерлiк субъектiлерiне және қарапайым тұтынушыға да несие береді, ал жеке тұлғаларға өте үлкен сомада ұзақ мерзiмдi несиелер ұсынады. Мәселен, "Қолма-қол ақшалай" қажет несиесі" бойынша борыштың ең жоғары сомасы 10 млн теңге, ал мерзімі 7 жылға дейін (мөлшерлеме – 8%, ЖТСМ – 19,3%).

Сонымен қатар, Bank RBK несие портфелінің сапасы жағынан нарықтағы үздіктердің бірі болып қала береді. Қазан айының басында банктің жалпы несие портфеліндегі төлеу мерзімі 90 күннен асқан (NPL 90+) несиелердің үлесі бір ай бұрынғы секілді, небәрі 2,8% болды.  Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 7% болатын. Бұл ең ірі банктер арасында жыл ішінде қалыптасқан елеулі нәтиже.

Салыстырмалы түрде елдегі  ЕДБ-дегі NPL 90+ үлесі орта есеппен 3,6%, бір ай бұрынғы көрсеткіш өзгерген жоқ.  Бір жыл бұрын бұл мән 4,3%, бес жыл бұрын 12,7%, он жыл бұрын 30,9% еді.

Несие портфелінің айлық өсімі бойынша екінші орында "Банк ЦентрКредит" тұр, бірден 8,8%, шамамен 2 трлн теңгеге дейін артқан. Банк портфелінің жылдық өсімі 61,9%-ды құрады. Соңғы айлардағы мұндай қарқынды өсімге  бұрынғы ресейлік еншілес ұйым - Альфа-банкті сатып алып, "Eco Center Bank" деп атауын өзгертіп, кейін оның осы құрылыммен біріктірілуі ықпал етті. Биыл қыркүйек айында "Eco Center Bank" өз қызметін тоқтатқанын жариялады. Банк ЦентрКредит портфеліндегі "жағымсыз" несиелердің үлесі 2,8% (бір ай бұрын 3,4%).

Алғашқы үштікті Еуразиялық банк түйіндейді, бір айда  несие портфелі 4,3%, 1,1 трлн теңгеге дейін өсім көрсетті. Бір жыл ішінде банк портфелі 51,3%-ға өсті. Төлеу мерзімі  "ұзақ" кешіктірілетін несиелер жалпы портфельдің 6,6% құрайды. Бір ай бұрынғы көрсеткіш өзгермеген. Бір жыл бұрын 8,9% болатын.

Осы ондықта несие портфелі төмендеп бара жатқан жалғыз банк - "Береке" банкі. Бұрынғы ресейлік Сбербанктің қазақстандық еншілес құрылымын "Бәйтерек" ұлттық холдингі сатып алған болатын (мәміле 2 қыркүйекте аяқталды). Бір ай ішінде банк тарапынан берілетін несие көлемі 4,3%-ға, бір жыл ішінде бірден 45%-ға қысқарды. Мерзімі кешіктірілетін несие көлемі де ұлғайып барады, ол қазір 8,3%-ды құрайды, бір ай бұрын 7,9% және бір жыл бұрынғы 5,1% болған еді.

Жалпы Қазақстандағы 21 екінші деңгейлі банктің ішінде несие портфелі бойынша айлық динамикада 15 банк, жылдық мәнде 17 банктің көрсеткіші жақсарып келеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу