Еліміздің банктеріндегі теңгелей салымдар артып келеді

950

Еліміздің банктеріндегі  теңгелей салымдар артып келеді

Еліміздің қаржы нарығында теңгелей активтерге сенім қайта оралып, долларлай депозиттердің  төмендегені байқалып отыр. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Өскеменде өткен "Алтай Invest-2016" халықаралық инвестициялық форумында мәлім етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат ХАА.

Ұлттық Банк басшысының айтуынша, халықтың және кәсіпорындардың қандай да бір валютаға басымдық беруі өзгеріп жатыр, теңгедегі салымдардың қарқынды өсуі байқалады. "Бұған Ұлттық банктің теңгедегі құралдардың тартымдылығын арттыру шаралары себеп болды" деп түсіндірді ол.

Қазақстанда 2016 жылғы ақпаннан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша ең жоғары мөлшерлеме 10%-дан 14%-ға дейін артып, ал шетел валютасындағы депозиттер бойынша мөлшерлеме 3%-дан 2%-ға дейін төмендеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу