Қазақстанның барлық мектебіндегі спорт алаңдары тексерілетін болады, деп жазады inbusiness.kz.
"Бүгінгі таңда тергеу жүргізіліп жатыр. Білім басқармасы кешеден бастап мектептердің барлық спорт алаңын толық тексеруге тапсырма берді. Тек Астанада ғана емес, сонымен қатар еліміздегі барлық мектеп бойынша да спорт алаңдары мен инвентарь тексеріледі", - деді министр Үкімет кулуарында.
Еске салайық, осыған дейін үстіне мектеп алаңындағы футбол қақпасы құлап кеткен астаналық 10 жасар баланың көз жұмғанын жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу