Еліміздің барлық облысы қысқы спорт түрлерін дамытуға үлес қосып жатқан жоқ

Қазақстанның қысқы спорт түрлерін дамыту потенциалы жоғары.  

Еліміздің барлық облысы қысқы спорт түрлерін дамытуға үлес қосып жатқан жоқ

Бұл туралы арнайы брифингте Олимпиадалық ойындарға дайындық бойынша штаб жетекшісі Елсияр Қанағатов мәлім етті, деп хабардайды inbusiness.kz сайты. 

"Қазақстанның қысқы спорт түрлерін дамыту потенциалы жоғары. Бірақ бұл мақсатты іске асыру үшін барлық облыс жұмылып үлес қосып жатқан жоқ. Мысалы, суық өңірлер қысқы жарыстарға 1 спортшыдан ғана жіберген", – деді спикер. 

Осы орайда ол БАҚ өкілдерін де халық арасында қысқы спортты кеңінен насихаттауға шақырды. 

"Мемлекет басшысы Азия ойындарының жүлдегерлерін қабылдағанда, осы спорт саласындағы мекемелерді бірігіп жұмыс істеуге шақырған. Бұл өте дұрыс, Федерация болсын, Министрлік болсын, Ұлттық Олимпиада комитеті болсын, бәріміздің істеп отырғанымыз – осы қазақ спортының деңгейін көтеру. Жалпы бұқаралық түрде болсын, үлкен жетістік спортында болсын. Біз де бұны қолдайыз. Неге десеңіз, қазақта "Бірлік болса, тірлік болады" деген бар. Бәріміздің ойымыз қазақ спортын дамытуға арналу керек", – деді Елсияр Қанағатов.

Сондықтан Туризм және спорт министрлігінің бұйрығымен осы жұмысты үйлестіру үшін арнайы штаб құрылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу